Алматыда 5 мыңнан аса оқушы жиналып, бір мезетте жаттығу жасады

21.04.2026 18:45

Жоба аясында мегаполистегі барлық мектеп пен колледждерде таңғы сергіту сәті қатар өтті

Алматыда ауқымды спорттық жиынға 5 мың оқушы жиналып, рекордтық меже орнатты. Бұқаралық спортты насихаттауды мақсат еткен іс-шара қаладағы стадиондардың бірінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv ьілшісі.

 Биыл «Чемпиондық Рух» атауымен жанданған жобаға қаланың әр ауданынан колледж бен мектеп оқушылары белсене қатысып, қызығушылық білдірді.

Таңғы сағат 10:00-де басталған ауқымды іс-шараға 5 мыңнан аса адам жиналып, бір мезетте жаттығу жасады. Спорт алаңынан бөлек, жоба аясында мегаполистегі барлық мектеп пен колледждерде таңғы сергіту сәті қатар өтті. Осылайша қалада 50 мың оқушы бұқаралық спортқа белсене қатысты.

«Жастар рухының» жобасы ретінде Қазақстан бойынша іске асып келеді. Алматы қаласында бастамамызбен 1 жыл бұрын бастау алған болатын, осы уақытқа дейін 4 рет ұйымдастырылып, біраз тұрғынды қамтыды. Бүгінгі шара өте үлкен ауқымда өткелі отыр. Стадионның өзіне 5 мыңға тарта адамды жинап жатырмыз», – деді  «Amanat» партиясының «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Дидарбек Ділдәбек

 «Қаладағы 225 мектепте, сондай-ақ колледждерде бір мезетте таңғы жаттығу өтті. Бұл бастама биыл бесінші рет жалғасын тауып отыр. Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны артып келеді. Мұндай бастамалар жастардың спортқа деген ынтасын оятып, денсаулығын күтуге деген жауапкершілігін арттырады», – деді ¤

Оқу-практикалық дене шынықтыру және спорт орталығы директорының орынбасары Рашид Әубәкіров.

 

¤Алматыда спорттың нағыз мерекесі өтіп жатыр. ЦСКА стадионы алаңында мыңдаған жас бір мезетте жаттығу жасап, ерекше атмосфера қалыптастырды.Бүгін оларға Олимпиада жүлдегерлері, қоғам белсенділері, полиция қызметкерлері мен спорт шеберлері жігерлендіріп тұр.

«Бүгін көрсеткен жаттығулардың барлығын үйге барып жасаймын. Сыныбымызбен бірге жасаймыз деп ойлаймын. Сыныппен жарыстардан қалмаймыз, өте қызық өтіп жатыр», – деді оқушы Айым Еркебұланқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Чемпиондық рух» жобасы оқушылар санасын серпілтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыратын маңызды бастама. Жоба бесінші жыл қатарынан «Жастар рухы» ұйымының ұйытқы болуымен, Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен жүзеге асып келеді. Таңғы сергітуден басталатын іс-шара қаланың барлық білім беру ордасын қамтыған көлемді қозғалысқа айналды.

Әйкерім Пернебек, Ғани Қалуов,

Оқи отырыңыз: Алматылық шахматшы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды