Алматыда 7 жастағы қыздың өмірін қиған жол апатына қатысты іске нүкте қойылды

Жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп жатқан қызды қағып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 7 жастағы қыздың өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бойынша іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алатау аудандық соты жүк көлігінің жүргізушісін адам өліміне әкелген жол ережесін бұзды деп танып, екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Кейін айыпталушы тарап үкімге шағым түсіргенімен, апелляциялық алқа оны өзгеріссіз қалдырды. Соңғы отырыста тек материалдық өтемақы туралы шешім күшін жойған. Осылайша ер кісі бас бостандығынан айырылып, бес жыл көлік тізгініне отыра алмайды.

Еске салайық, қайғылы оқиға биыл көктемде, 2 сәуірде болған. Жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп жатқан қызды қағып кеткен. Жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сорақысы, оқиға қыздың анасының көз алдында болған.

Алатау аудандық сотының қаулысынан:

«Алатау аудандық сотының Акентьев Иван Ивановичке қатысты үкімі өзгертілсін. Айыпталушыдан өндірілетін 2 187 000 теңге көлеміндегі материалдық шығын туралы шешімнің күші жойылып, бұл бөлігі қараусыз қалдырылсын. Жәбірленуші Ибраев Д.А. талап еткен моральдық өтемақы азаматтық сот тәртібімен қаралуға жіберілсін. Үкімнің өзге бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын».

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Новости партнеров