Референдумға дейін:
15
күн
15
сағат
1
минут

Алматыда «AІ Silknet» Қазақстан-Корей орталығы ашылды

Жаңа орталық ғылыми мақалаларды сараптап, технологиялық трендтерді айқындауға жол ашады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден – шешімдерге» атты стратегиялық сессия өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Маңызды жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері қатысты. Келелі басқосуда ғылыми-технологиялық дамуды тиімді басқарудың жаңа тетіктері талқыланып, саланы жүйелі жаңғыртуға бағытталған ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ ғалымдар қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, қаражатты стратегиялық маңызы бар басым бағыттарға шоғырландыруды ұсынды.

«Үкімет отырысында жаңа академияның ұсынған модельін ұсындым. Бұл модель төрт деңгейлі, жаңа приоритеттерді анықтайды. Оны Премьер-министр толықтай қолдады. Қазір енді осы жүйені біз 2027 жылдан бастап енгізетін боламыз», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.¤

Сонымен қатар сессия аясында «AІ Silknet» атты қазақ-корей ғылыми-технологиялық форсайт және болжамды талдау орталығы ашылды. Ауқымды жобаны Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы мен Оңтүстік Кореяның жетекші ғылыми институты бірлесіп жүзеге асырған. Жаңа орталық ғылыми мақалаларды сараптап, технологиялық трендтерді айқындауға жол ашады. Сондай-ақ орталық жасанды интеллект инфрақұрылымын жүйелі дамытуға, үлкен деректермен жұмыс істеуге серпін береді. 

«Бұл талдау орталығының үш негізгі функциясы бар. Біріншісі – ғылыми жарияланымдар, патенттер және жаһандық үрдістерді бір жүйеге біріктіріп талдау. Екіншісі – Қазақстанда жасанды интеллект инфрақұрылымын қалыптастыру. Үшіншісі – зерттеушілердің кәсіби деңгейін арттыру. Яғни мақсатымыз жасанды жадыны да, оны тиімді пайдаланатын мамандарды да қатар қалыптастыру», – деді Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтының президенті Сик Ли.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монографияның таныстырылымы өтті

Новости партнеров