Алматыда АҚШ-тан пошта арқылы жеткізілген есірткінің ірі партиясы тәркіленді

14.10.2024 18:19

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Алматыда АҚШ-тан пошта арқылы жеткізілген есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабардайды Almaty.tv.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында да халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған зиянды заттар табылған. Нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 8 килограмм марихуана және 15 келіге жуық каннабис сығындысы анықталған.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ҚР 10 азаматы ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Биыл ҚМА есірткі айналымы фактісі бойынша 93 қылмыстық іс тіркеді. Заңсыз айналымнан гашиш – 8,7 кг, марихуана – 4,8 кг, жалпы 52 кг есірткі тәркіленді", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Анасы 2 жасар баласын сірке суымен өлтірмек болды