Оқиғаның нақты қашан және қай жерде орын алғаны әзірге белгісіз
Алматыда Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда қоғам қайраткері ретінде танымал Амантай қажы күтпеген жағдайға байланысты көпшіліктің талқысына түсті. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ол белгісіз себептермен әйел адамды баспалдақтан итеріп жіберген.
Оқиғаның нақты қашан және қай жерде орын алғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ екі тарап арасындағы жанжалдың неден туындағаны туралы да ақпарат жоқ.
"Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында", - деді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Оқи отырыңыз: Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға жеткізілді