Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өтеді

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігінің қолдауымен 19 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында NAIZA 85 аралас жекпе-жек турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірі аса жеңіл салмақта Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы чемпиондық реванш болмақ. Олардың NAIZA 83 турниріндегі алдыңғы кездесуі Саясатовтың дисквалификациялануымен аяқталған еді.

Сондай-ақ жеңіл салмақтағы чемпион Жансерік Жақсығұлұлы Мири Садыговқа қарсы чемпиондық атағын алғаш рет қорғайды. NAIZA 85 кардында Жұман Жұмабеков, Азат Мақсұм, Артем Тарасов және аралас жекпе-жектің өзге де өкілдері өнер көрсетеді.

Турнир қарсаңында баспасөз конференциясы, ашық жаттығу және көз арбасу рәсімдері өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзыла бастады