Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзыла бастады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нысанды сүру жұмысы сот шешімін орындау мақсатында жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Төле би көшесінің оңтүстігінде, Момышұлы көшесінің шығысында орналасқан қызмет көрсету нысандары бар заңсыз салынған аялдама кешенін бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, нысанды бөлшектеу сот шешімін орындау мақсатында жүргізілуде.

2022 жылғы 19 шілдеде Басқарма рұқсат құжаттарының болмауына байланысты аялдама кешенін бұзу туралы талап арызды Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотына жолдаған. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот процестері өтті.

Соның нәтижесінде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың нысанды бұзу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін атқару парағы Әділет департаментіне жолданды.

Нысандарды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Оқи отырыңыз: Алматыда балалар жинаған 50 мың қақпақтан «Таза Қазақстан» стеласы орнатылды