Алматыда Ауғанстан тауарларының көрмесі ашылды

21.10.2024 15:46

Іс-шараға 80-нен астам компания тауарын  ұсынған

Алматыда Ауғанстан тауарларының көрмесі ашылды, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Атакент-Экспо» кешенінде ұйымдастырылған іс-шараға сол елдің 80-нен астам компаниясы тауарын  ұсынған. Бұл - Сауда және интеграция министрлігі мен Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығының қолдауымен қолға алынған екінші көрме. Оның ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Әзизи қатысты.

"Қазақстан Ауғанстанды Оңтүстік және Орталық Азия өңіріндегі маңызды әрі ажырамас серіктес ретінде қарайды. Дүниежүзілік дағдарыстарға қарамастан Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда экономикалық ынтымақтастық жалғаса дамып келеді. Ауғанстанмен қалыптасқан сауда экономикалық, транспорттық, логистикалық және энергетикалық байланыстарды сақтауға мүдделіміз", – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.

Көрмеге Ауғанстанда өндірілген сусындар да қойылды. Ішінде шілдеде ішуге зиян деп ақпарат тараған анар суы да бар. Елімізде сатылымдағы өнімге қатысты Қазақстанның Ауғанстандағы сауда үйінің басшысы пікірін білдірді. 

"Өнімнің қазақстан нарығына енуіне сертефикат бар. Ешқандай зияны жоқ екенін растаймыз, толық заңнамасына сәйкес келеді, мәселесі шешілген", – деді  Қазақстанның Ауғанстандағы сауда үйінің басшысы Арман Есентаев. 

Оқи отырыңыз: Алматыдағы «Жарқын күз» науқаны аясында урналарды жинау үшін арнайы экипаждар бөлінді