Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуына тың серпін береді
Алматыдағы балабақшалардың бірінде өткен қалалық семинарда бүлдіршіндерді ойын арқылы дамытудың соны тәсілдері көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесіне негізделген 5 арнайы алаң баланың ойлау жүйесі мен шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған. Оның ішінде құммен жұмыс істеу, ашық аспан астындағы кітапхана, табиғатты тануға арналған «Бүлдіршін бағбандар» мен дамыту алаңдары бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар педагогтер арасында тәжірибе алмасып қана қоймай, жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуына тың серпін береді.
«Екінші қабаттағы дәлізінде ағаштан құрастыратын аймақ аштық. Табиғи ағаштың баланың денсаулығына пайдасы бар. Оның ойы, шығармашылығы дамиды.Қосымша алаңдарға балалардың балабақшаға келуге деген қызығушығын арта түсті, қуана-қуана келеді», – деді № 168 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гүлнәр Тұрсынбаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күніне орай 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды