Алматыда базардағы ірі өрт сөндірілді

25.09.2025 08:45

Өртті сөндіру барысында өрттен 2 газ баллоны шығарылды

ТЖМ

Бүгін түнде Алматы қаласы Алатау ауданы, Солтүстік айналым шағын ауданында, сауда базарының аумағында тез тамақтану дүңгіршегі өртеніп, от металл контейнеріне ауысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға орнына ТЖМ алғашқы бөлімшелері жеткен кезде, бір қабатты дүнгіршектің жануы және жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі туындағаны анықталды.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында, өрт 50 ш.м. алаңда жедел түрде сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында өрттен 2 газ баллоны шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда халықаралық деңгейдегі студенттік жатақхана ашылды