Алматыда белгілі спортшы қаза тапты

25.12.2024 18:29

Әли Серік 17 жасында Малайзияда өткен чемпионатта муай-тайдан әлемнің ең жас чемпионы атанған

Алматыда 20-жастағы белгілі спортшы адам қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кеше түнде кикбоксшы Әли Серік пен оның сыныптасының арасында жанжал туып, марқұм кеуде тұсына ауыр пышақ жарақатын алған. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ізін суытпай ұсталды.

Айта кетейік, Әли Серік 17 жасында Малайзияда өткен чемпионатта муай-тайдан әлемнің ең жас чемпионы атанған.     

"Наурызбай ауданында кеше кешкісін 20 жастағы баланы танысы аулалардың бірінде пышақ жарақатын келтіріп, жас бала көз жұмған. Қазіргі таңда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының нормалары бойынша азамат қамауға алынды. Басқа да мән-жайлар анықталуда", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда бұқаралық спортты дамыту мақсатында қандай іс-шаралар өтті