Cosmart-тың жаңа дүкенінен өзіңізге қажетті дүниені таңдап қана қоймай, жақын адамыңызға сыйлық жасауға да болады
Сұлулыққа құмар жандар үшін жақсы жаңалық. Алматыдағы Asia Park сауда орталығында Cosmart желісінің жаңа дүкені ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тері мен шаш күтіміне арналған құралдар, сәндік косметика, парфюмерия, жеке гигиена өнімдері. Cosmart-тың жаңа дүкенінен өзіңізге қажетті дүниені таңдап қана қоймай, жақын адамыңызға сыйлық жасауға да болады. Алғашқы келушілер дүкендегі тауар түрлерінің көптігі мен жаңа форматтағы сауда орнын жоғары бағалады. Айтуларынша, енді сүйікті косметика мен күтім құралдарын алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ.
«Бұл желіні бұрыннан білемін. Бұған дейін алыста орналасқан дүкеніне баратынмын. Өте жақсы тауар түрі де көп. Кеңесшілері әрдайым сыпайы, көмектесіп, кеңес беріп, қай өнімнің жақсы екенін түсіндіреді, таңдауға жәрдемдеседі. Қаланың қай жерінде жүрсең де, дүкенге кіріп, қажет затыңды алып, ары қарай өз шаруаларыңмен жүре беруге болады», – деді қала тұрғыны Татьяна Мамонова.
Cosmart-тың басты қағидасы – таңдау мүмкіндігінің молдығы. Танымал брендтер мен қолжетімді баға – көпшіліктің аталған дүкенді таңдауына басты себеп.
Айта кетейік, компания 2009 жылдан бері жоғары деңгейде жұмыс істеп келеді.
«Бізде сертификатталған тауарлар, сапалы косметика, сәндік бұйымдар мен күтім құралдары ұсынылады. Мамандарымыздың барлығы арнайы дайындықтан өтеді. Келушілерге қолайлы жағдай жасауға тырысамыз, сондықтан түрлі акциялар жиі өткізіледі. Жеңілдіктер 10 пайыздан басталып, 70 пайызға дейін жетеді», – деді «Cosmart» дүкендер желісінің әкімшісі Севара Абдурахманова.
17 жыл бұрын бір дүкеннен басталған Cosmart бренді бүгінде еліміздегі ауқымды желіге айналды. Қазір компанияның Алматыда 28 дүкені, елордада тағы 7 филиалы жұмыс істейді. Әуезов ауданындағы жаңа дүкеннің ашылуы – компанияның даму жоспарының бір бөлігі. Ал дүкен аралауға уақыт таппайтын азаматтар қажетті тауарды Cosmart-тың ресми сайты арқылы онлайн тапсырыс бере алады.
Гүлмарал Изатқызы, Адель Ақжаркенова, Медет Саматұлы