Жаңа туындының авторлары - Әзірбайжан қаламгерлері Ислам Атакишиев пен Эльчин Сулейманов
Алматыда Әзірбайжан қаламгерлері Ислам Атакишиев пен Эльчин Сулеймановтың жаңа туындысы оқырманға жол тартты. Қос автордың «Следующая станция» романының тұсауы кесіліп, шығарма қалың көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
318 беттен тұратын кітапта 1944 жылғы депортация қасіреті, туған жерінен күштеп көшірілген адамдардың тағдыры көркем суреттелген. Сондай-ақ романда атамекенге деген сағыныш секілді тақырыптар қозғалған. Тұсаукесерде қаламгерлер туындының жазылу тарихына тоқталып, оқырмандармен ой бөлісті.
«Бұл туынды Алматыда жазылды. Тарих қойнауында қалған ауыр кезеңді адам тағдыры арқылы жеткізгіміз келді. Романда жер аударылған жұрттың қасіреті, туған жерге деген сағынышы көрініс табады. Біз үшін осы оқиғаны бүгінгі оқырманға көркем тілмен жеткізу маңызды болды. Алматыда кітаптың тұсауы кесіліп, қазақстандық оқырманға ұсынылып отырғанына қуаныштымыз», – деді роман авторы Ислам Атакишиев.
«Бастан өткен оқиға жазылған, риза болдым. Жер аударылғандардың бірі – менмін. Бірақ жағдайды толық білмеймін. Ал автордың кітабын оқыған кезде, шын мәнінде, таңқалдым. Анау үлкендерден естігенімді әсіресе НКВД-ның адам баласына көрсеткен қорлығы жақсы суреттелген», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман.
Оқи отырыңыз: Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді