Алматыда сауда орталығынан шыққан өрт сөндірілді

26.07.2025 11:51

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді

Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының екінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында көршілес бутиктерге өрттің таралуына жол берілмеді.

Өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап құтқарушылар жедел жетіп, оқиға орнына шұғыл әрекет етті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде ғимараттың терезелерінен қап-қара қою түтін шығып жатқаны анықталған.

"Өртті сөндіруге ТЖМ жеке құрамынан 57 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: ТЖМ құтқарушылары Алматыда тау бөктеріндегі өртті сөндірді