Алматыда еңбек адамдары марапатталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқушылар сарайында «Еңбек адамы 2025» жобасы аясында түрлі салалардың үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.   

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған жобаның мақсаты — адал еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамын жастар арасында насихаттау, сондай-ақ қоғамда өнегелі тұлға бейнесін қалыптастыру. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, азаматтық қоғам белсенділері және жастар өкілдері қатысты.

- Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Оның мәні - қарапайым жұмысшылардың еңбегін бағалап, қоғамда дәріптеу. Бүгін марапатталып отырған адамдар өз жұмысын адал, сапалы атқарып жүр. Солардың арқасында еліміз өсіп, өркендеп келеді. Осындай азаматтарымызды тиісті бағалауымыз керек. Оларға қарап жастарымызда үлгі алады. Алматы әкімдігінің артынан жасап жүрген еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін, - деді Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Жалпы «Еңбек адамы-2025» жобасы аясында 20 маман марапатталып, қаржылай сыйлық табысталды. Олар:

  • Ержан Дүкенов - әуе кемелерінің қозғалысын бақылайтын диспетчер;
  • Айдарбек Дәулетбаев - автобус жүргізушісі;
  • Армен Атанаесьян - сәулетші;
  • Гүлнұр Сейсекина - 102 операторы;
  • Жайлыгүл Досымбекова - Каменка орманшылығының инспекторы;
  • Раиса Киікбаева - жол жұмысшысы;
  • Мейіржан Жұманбаев - тепловоз машинисі;
  • Айбек Еселбаев - автозавод бригадирі;
  • Қуат Жармұхамбетов - электропоезд машинисі;
  • Сафия Аязбаева - музейдің ғылыми қызметкері;
  • Алма Мылтықбаева - мұғалім;
  • Қайрат Нұржаубаев - өрт сөндіруші;
  • Жарылқасын Әбдімәмбетов - слесарь-жөндеуші;
  • Еркін Исабеков - электродәнекерлеуші;
  • Еркеш Жүнісов - актирса;
  • Жанар Сәдібекова - инженер-технолог;
  • Оксана Машорина - фельдшер;
  • Әлібек Жанысбаев - нейрохирург;
  • Ғалия Төлегенова - эколог;
  • Сергей Сахаров - электротехникалық қызметші.

Оқи отырыңыз: Еңбек күні: ардагер ұстаздардың тәжірибесі жастарға үлгі болды

Новости партнеров