Алматыда ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, өз-өзіне қол салған

21.08.2025 19:01

Қанды қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр

Алматыда ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жантүршігерлік жағдай таңертең Медеу ауданындағы Думан шағынауданында болған. 40 жастағы азамат отбасылық жанжал кезінде 38 жастағы жұбайына пышақ жарақатын салған. Салдарынан әйелі жан тәсілім еткен. Артынша бірер минуттан соң өзі де өлім құшқан. Қазір қанды қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.

«Медеу аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында мал ұрлығы өршіп тұр