Түркі халқының көрнекті ғалымдары Алматыда өткен ІІІ Халықаралық түркі әлемі ғылыми сыйлықтарын табыстау рәсімінде бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара түркі әлемінің ғылыми әлеуетін танытуға, өткен дәуірлердегі ұлы ғалымдардың мұрасын ұлықтауға және бүгінгі өнертапқыштарды ғылым мен өркениет төңірегінде біріктіруге бағытталған. Негізгі ұстаным – өткенге құрмет, болашаққа шабыт. Бағдарлама аясында математика, физика, химия, инженерия, медицина, әлеуметтік ғылымдар, педагогика, тарих, түркология, тіл мен әдебиет сынды 16 сала бойынша ғылыми еңбектерімен ерекшеленген тұлғалар үздік деп танылып, арнайы марапаттар иеленді.
«Түркі дүниесін дәріптеп жүрген ғалымдардың ұсыныстарын қабылдап, 50 адамнан тұратын ғылыми кеңесіміз арқылы іріктеу жүргіздік. Соның негізінде кімдерге арнайы сыйлық табыстау керек екенін анықтап, үздік ғалымдарға ғылыми марапаттар береміз. Бүгін осында 15 адамға ғылыми сыйлық табыстадық. Алматыда, сіздердің араларыңызда болғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл марапат түркі дүниесіне ортақ игілік болсын деп тілейміз», – деді Түркі әлемі Йөрік-Түрікмен бірлестігінің төрағасы Ирфан Татлыоғлу.
«Негізгі мақсат – ғылымның қалай дамығанын, қандай ғалымдар бар екенін таныстыру. Қазақстаннан 2 ғалым қатысып отыр, бұл – 16 тұлғаның ішінде үлкен көрсеткіш. Бұл - бастамасы. Екеуі Түркияда өтті, үшіншісі Алматыда Қазақстанда өтіп жатыр», – деді Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жергілікті автожолдар желісін жаңарту жұмысы жалғасып жатыр