Алматыда интернет алаяқтыққа қарсы күрес күшейді

Банктік операциялар мен криптовалюталарды және маркетплейстерді қамтитын ұлттық антифрод контурын құру жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Интернет алаяқтыққа қарсы күрес күшейді. Алматыда антифрод орталық құрылғалы бері 90 мыңнан аса факті тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 52 пайызы ішкі істер органдарынан түссе, ақпараттың 48 проценті қаржы нарығындағылардан келген. Дені – жалған инвестициялар мен қоңыраулар және онлайн-дүкендер. Жүйе банктерге, құқық қорғау органдарына күмәнді қаржы операцияларын бірлесіп анықтауға мүмкіндік береді. 

«Егер банк клиенті алаяқтықтың құрбаны болып, бұл туралы дер кезінде хабарласа, банк деректі антифрод орталығында тіркейді. Қаражат басқа қаржы ұйымына аударылған жағдайда, ақпарат онлайн режимде бірден жеткізіліп, ақша түскен шот бұғатталады», – деді антифрод орталығын дамыту бөлімінің басшысы Жанна Раджабова.

Мамандардың сөзінше, алдағы уақытта аталған қорғаныс шараларын күшейту көзделуде. Ол үшін банктік операциялар мен криптовалюталарды және маркетплейстерді қамтитын ұлттық антифрод контурын құру жоспарланып отыр. 

«Дропперлік мәселесін қозғаған себебіміз, алаяқтыққа қарсы орталықта тіркелген оқиғалар деңгейінде ақша алатын адамдардың көпшілігі 18 бен 24 жас аралығындағы жастар. Өкінішке қарай, жастардың көпшілігі өздерінің алаяқтық схемаларға қатысып жатқанын немесе басқа біреуді алдап жатқанын түсінбейді. Олар жай ғана аударымдармен айналысатын қызметкермін деп ойлайды», – деді Ұлттық төлем корпорациясы антифрод-орталығының департамент директоры Айнұр Измайлова.

Оқи отырыңыз: Рамазанға 7 күн қалды: ҚМДБ ораза кестесін жариялады

Новости партнеров