Алматыда IV Халықаралық цирк фестивалі басталды. Мәдени шараға 20-ға жуық елден әртістер, режиссерлерлер, сондай ақ продюсерлер мен сала сарапшылары келді. Бес күнге созылатын мерекелік жиында қатысушылар акробатика, әуе гимнастикасы, клоунада сияқты жанрлар бойынша өнер көрсетіп, өзара сынға түседі.
Халықаралық фестивалге Вьетнам, Тәжікстан, Түркия, Италия, Ресей, Моңғолия, Венгрия, Беларусь сияқты 20 елден 60-қа жуық өнерпаздар келді. Алдағы 5 күнде акробаттар шеберлігі, сайқымазақтар қалжыңы, гимнасттардың трюктары, арнайы әзірленген декорациялар мен жаңа костюмдер көрсетіледі. Биылғы IV Халықаралық фестивалдің ерекшелігі де осында. Отандық және шетелдік өнерпаздар бірінші күннен ақ, шоуға келген әр баланы таңдай қақтырды.
«Қатысушылар әуе гимнастикасы, акробатика, клоунада, үйретілген аю сынды бөлімдер бойынша өнер көрсетіп, өзара бақ сынасады. Олардың қатарында кәсіби сайқымазақ Андрей Жигалов та бар. Ал әртістердің өнеріне Ресей, Тәжікстан, Швейцария және АҚШ-тың цирк майталмандары қазылық етеді. Сарапшылар өнерпаздарды кәсіби шеберлік, қойылымдардың ерекшелігі мен орындау деңгейіне қарай бағалайды. Фестиваль аясында қатысушылар Гран-при, сондай-ақ үш алтын, үш күміс және үш қола жүлдені сарапқа салады. Менің нөмірім өте күрделі. Бағдарламада сальто, твист және көптеген басқа да трюктер бар. Осындай үлкен фестивальде өз өнерімді көрсетуге мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Мұнда жаңа нәрселер үйреніп, тәжірибе жинап жатырмын», – деді әуе гимнасты Анна Деметер (Венгрия).
«Талантты жандар өте көп. Біз үшін шеберлік өте маңызды. Егер, әртіс өз өнерін күрделі трюктер арқылы көрсете алса, бұл бізге ерекше әсер етеді. Бұл фестивальдің ерекшелігі – мұнда жанрлар мен нөмірлердің саны өте көп. Манежде болып жатқан әртүрлі қойылымдарды тамашалап, әртістердің мүмкіндігін бағалауға болады», – деді Cirque Du Soleil компаниясының Кастинг және таланттарды іріктеу жөніндегі директоры Ирина Науменк.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, аталған шара оңтүстік астананың халықаралық мәдени және туристік орталық ретінде беделін арттырады. Мұнымен қоса, әртістердің өзара тәжірбие алмасып, үлкен ареналарға шығуына мүмкіндік береді.
«Орта Азиядағы циркй хабын ұйымдастыру, жасау. 18 мемлекет келеді, 10 мемлекеттің өкілдері келеді. Сондықтан, басты мақсатымыз – халықаралық мәдени байланысты дамыту, күшейту және Алматы қаласын таныту, цирк әртістеріне көп мүмкіндіктер беру», – деді ¤Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов
Айта кетейік, фестиваль 26 шілдеге дейін созылады. Кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1-23 тамыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде өнер көрсететін болады.
Диана Тұрлыбек, Алишер Ерғалиұлы
Оқи отырыңыз: Алматылық этнографтар салт-дәстүрді бұрмаламауға шақырды