Алматыда қаржы пирамидасынан 275 адам зардап шекті

27.10.2026 12:33

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам екі айға қамауға алынды

depositphotos

Алматыда тұтыну кооперативі атын жамылып жұмыс істеген «R.O.I.» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазір 275 азамат жәбірленуші деп танылып, келтірілген шығын 217 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.
 
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтардың 94 млн теңгесін өздерімен байланысты тұлғалардың шоттарына аударған. Сондай-ақ негізгі кооперативтің шоттарын айналып өту үшін Алматыда тағы алты тұтыну кооперативі құрылған.
 
Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам екі айға қамауға алынды. Сот санкциясымен үш автокөлікке, 25 пәтерге және банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Толық көрсету