Алматыда «Қазақтың шешендік өнері» атты үш томдық кітаптың тұсауы кесілді

Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, бұл - мұндай сипаттағы алғашқы монографиялық еңбек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Қазақтың шешендік өнері» атты үш томдық кітаптың тұсауы кесілді. Тың туындының авторы – әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мамай Ахетов, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылыми еңбектің бірінші бөліміне қазақ шешендік өнерінің тарихы мен әлемдік риторика жайлы тараулар енген. Ал екінші бөлімде сол өнердің теориялық табиғаты, шешендік сөздердің фольклор мен жазба әдебиеттегі көріністері, жанрлық-жүйелік сипаттары сынды маңызды мәселелер қарастырылады. Үшінші томында қазақтың шешендік өнері туралы толымды ақпараттар мен ғылыми тұжырымдар ұсынылған. Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, бұл - мұндай сипаттағы алғашқы монографиялық еңбек.

«Бұл тарихи оқиға деп есептейміз, өйткені, «Қазақ шешендік өнерінің» 3 томдығы шықты, оның авторы – Мамай Ахметов. Қазақтың ғалымы да, жазушысы, шенеунігі де инженері де оқып, өзінің үйінде сақтайтын кітап. Сондықтан қатты қуандық,  құтты болсын!» – деді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда жоғарғы оқу орындарының бірінде бос орындар жәрмеңкесі өтті

Новости партнеров