Алматыда құрылыс саласына бақылау күшейтілді

03.06.2026 19:10

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған

Almaty.tv

Алматыда құрылыс саласына бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесінде заң талаптарын бұзған бірқатар құрылыс және жобалау ұйымдарының рұқсат қағазы қайтарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Сонымен қатар қалалық прокуратура ұсынысы негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеген 214 құрылыс компаниясының 1-санаттағы лицензиясы уақытша тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құзырлы орган заң бұзушылықтарға жол берген ұйымдарға қатысты бақылау алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми жобалау институтының лецензиясы толықтай тоқтатылды. Сәулет құрылыс консалтинг компаниясына бірнеше ескертулер беріліп, қазіргі таңда құрылыс лецензиясынан айырылды. Сонымен қатар қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бірқатар заңсыз нысандарға үнемі мониторинг жүргізіліп отыр, басты назарда», – деді қала құрылысын бақылау басқармасының орынбасары Көкен Жарқынбек.

Оқи отырыңыз: Көлік полицейлері заңсыз еңбек миграциясының жолын кесті