Алматыда қылмыс деңгейі 11,8 пайыз төмендеді

Жыл басынан бері тұрғындармен 500-ден аса кездесу өткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Алматыдағы қылмыс деңгейі 11,8 пайыз төмендеген. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов қоғамдық кеңес мүшелері, департамент жанындағы консультативтік-кеңесші орган және ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесуінде айтты деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, полиция халықпен белсенді өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Жыл басынан бері тұрғындармен 500-ден аса кездесу өткізіліп, аулалар, көшелер және жол инфрақұрылымындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланып жатыр.

«Ойын-сауық орындарына бақылау жасауға ерекше назар аударылуда. Полицияның бастамасымен жыл басынан бері құқықбұзушылықтар мен қылмыстар тіркелген 10 нысанның қызметі тоқтатылды. Бұл өз кезегінде осындай ондаған жағдайдың алдын-алуға мүмкіндік берді. 745 кәсіпкерлік субъектісі бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсынулар енгізілді. Сонымен қатар қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында тұлғаны тану функциясы бар бейнебақылау жүйелерін орнату бастамасы көтерілді», - деді Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов.

Сондай-ақ Айдын Қабдулдиновтің сөзінше, Алматыда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі де 9 пайыз төмендеген. Жыл басынан бері зорлық-зомбылыққа жол берген 500-ден аса тұлға жауапкершілікке тартылыпты.

«Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күшейтілді. Жыл басынан бері қалада жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 850 мың дерегі анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде 700-ден астам азаматтың көлік құралын мас күйде басқару фактісі, 724 тұрғынның көлік жүргізу құқығынсыз басқару дерегі, сондай-ақ бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 960 тұлғаның рөлге қайта отырған жағдайлары тірекелді», - деді Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Еуропаға жасыл энергия экспорттайды

 

 

Новости партнеров