Алматыда қызылша дерті дендеді

26.01.2026 15:57

Алматы қаласында қызылша дерті дендеді. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы былтыр қараша айынан басталған. Алғашқы кезеңде 30 жағдай ғана тіркелсе, қазір науқастар саны 236-ға жеткен екен. Ауруды жұқтырғандардың 90 пайызға жуығы – балалар.

Қызылша дерті қандай асқынуға алып келеді? Оның алдын алу жолдары қандай?

Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Ахметова жауап береді.

– Алмаш Сәрсембайқызы, қызылша дертінің өршуіне не себеп?

«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қазіргі уақытта Алматы қаласында қызылша ауруымен аурушаңдық эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз деп айтуға болады. Былтыр күз айларынан бастап, қыс-күз дейміз ғой, қараша айынан бастап аурушаңдықтың өсуі байқалады. Егер де 2025 жылы жалпы қала бойынша қызылшаның нақтыланған 460 жағдайы тіркелсе, биыл қаңтар айының басынан 236 қызылшаның расталған жағдайы тіркелді. Ауырғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Аурушаңдық ересектер арасында да тіркелуде. Бірақ олардың үлесі аз. Ауру себептерінің бірі ауырғандардың көбі қызылшаға қарсы екпе алмаған. Оның 90 пайызы – екпе алмағандар. Себебі ата-аналардың басым бөлігі екпеден бас тартқан. Сондай-ақ медициналық қарсы көрсеткіш бойынша екпе алмай қалған балалар бар. Бір жасқа дейін, толмаған, екпе жасына жетпеген балалар арасында тіркелуде. Сондай-ақ ересектер арасында епке статусы белгісіз адамдардың ауырғандары байқалады».

– Қызылшаның қауіптілігі неде?

«Қызылша - өте жұқпалы жіті вирустық инфекция. Ауру науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы беріледі. Сондықтан қандай да бір адам қызылшамен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болғандар екпелері жоқ болса, 100 пайыз осы ауруды жұқтырып алады. Өте канагьезды ауру болып табылады. Қызылшамен ауырғандардың асқынулары болуы мүмкін. Асқынулар қатарына жататын – көздің көрмей қалуы. Өйткені, каньюктивит болады. Құлақта отит болуы мүмкін, ол естімеуге, кереңдікке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ең бір ауыр түрі – пневмонияға айналуы мүмкін. Сондай-ақ бірнеше жыл өткеннен кейін панэнцефалит деген өте бір қауіпті ауруға душар болуы мүмкін».

– Аурудың алдын алу үшін не істеу керек? Сіздердің тарапыңыздан қандай шаралар қолға алынды?

«Қызылшаның алдын алудың ең тиімді тәсілі – вакцинация болып қала береді. Қазақстан Республикасында Ұлттық күнтізбеге сәйкес, қызылшаға қарсы балаларға екпе 1 жасында жасалады. Яғни 12-15 айлық жасында және қайта екпе жасау ревакцинация дейміз, бұл 6 жаста жасалады. Қызылшаға қарсы жасалған вакцинация мен ревакцинация әр алынған екпе дозасы балаларың иммунитетін нығайтуға көмектеседі. Осымен қатар айта кеткім келеді, бүгінгі күні Алматы қаласында қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті көлемде бар. Бұрын екпе алмай, қалып қалған балалар болса, ата-аналарына 18 жасқа дейінгі балалар қандай да бір себептермен екпе алмаған болса немесе толық екпе алмаған болса, тұрғылықты жерінде толықтыра иммундау жүргізілуде, екпе алуға болатынын ескертейін. Сондай-ақ қазір 6 айдан 10 айға дейінгі балаларды қосымша иммундау жұмыстары басталды».

Оқи отырыңыз: Нипах вирусы: Қазақстанда ауру тіркелген жоқ