Егер кәсіпорын іске қосылса, сапалы кабель өнімдерін елімізде өндіріледі
Алматыда кабель өнімдерін өндіріп, жеткізумен айналысатын халықаралық компания ашылды. Бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бүгін ресми құжатқа қол қойып, келісімге келген қос тарап зауыттың құрылысын жыл соңына дейін бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Егер кәсіпорын іске қосылса, сапалы кабель өнімдерін елімізде өндіріп, ішкі нарықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ оны өзге мемлекеттерге экспорттауға мүмкіндік тумақ.
«Аталған жоба «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында жүзеге асып отыр. Бұл алдағы уақытта Қазақстанның өз нарығын сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуіне, сондай-ақ Атом электр станциясына керекті жоғары кернеулі кабелді шығаруына мүмкіндік береді. Біз өз тарапымыздан серіктестік мүмкіндіктерді дамытуға және жергілікті компаниялармен байланыс орнатып, өндірістік жобаларды іске асыруға ниеттіміз», – деді кабель өнімдерін өндіретін компанияның бас директоры Сунь Ий Шинь (ҚХР).
«7 сағатқа дейін оттың үстінде тұрса да, өртенбейтін жағдайға жеткен ноу-хауы бар. Интернет волокно шығарып, оны тасымалдауы өте сапалы болғандықтан тик-ток деген үлкен компаниялар осыларды ғана қолданады. Атап өтіп кететін жағдай, Астана қаласындағы LRT-ны кабельмен қамтамасыз ету 100 пайыз осы компания істеген», – деді халықаралық компанияның Қазақстандағы директоры Мұрат Нұрақынов.
Оқи отырыңыз: Алматыда жасанды интеллект негізіндегі «ақылды» жылумен жабдықтау жүйесі енгізіледі