Алматыда кальян-барларға рейд жүрді

polisia.kz
polisia.kz

Бір түннің ішінде 100-ден астам кальян шегушіге айыппұл салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы дәмханалар мен мейрамханаларда кальян шегуді анықтау бойынша іс-шара жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір түннің ішінде 100-ден астам кальян шегушіге айыппұл салынды.

"Темекі өнімдерін пайдаланудағы заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жергілікті рейдтер жүргізілді. Тексеру барысында темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзуға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы бойынша 114 хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылық жеке тұлғаларға 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл салуды қарастырады. Мекемелерден барлығы 162 кальян тәркіленді», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Айтан Елеусізов.

Оқи отырыңыз: Иттердің көмегімен 4 мыңға жуық қылмыс ашылды

Новости партнеров