Алматыда қауіпсіздік дағдыларын үйрететін жаңа оқу орталығы ашылды

Орталық Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ашылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Азаматтық қорғаныс оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Онда заманауи үлгідегі сыныптар, алғашқы көмек көрсету және жер сілкінісі кезінде іс-қимыл жасауға арналған практикалық бөлмелер бар. Сондай-ақ еріктілер бұрышы мен қажетті оқу материалдары қарастырылған. Орталық тренингтер өткізуге, халықпен кездесулер ұйымдастыруға және қауіпсіздік дағдыларын үйретуге қолайлы алаң болмақ. Оның ашылуына қаланың еріктілер тобы да елеулі үлес қосыпты.

«Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, орталықта азаматтық қорғаныс бойынша шамамен 20-ға жуық саладағы мамандар оқытылады. Олардың қатарында мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік органдар мен әкімдік өкілдері бар. Арнайы үш-бес күндік курстардан өткендерге Төтенше жағдайлар департаментінің сертификаты табысталады», - деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қуаныш Оспанов.

«Орталықта волонтерлерге арналған штаб кабинет ашылған болатын. Төтенше жағдайда әрекет ететін волонтерлерге жағдай жасалып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Осылайша, волонтерлердің үнемі оқудан өтіп тұруына мүмкіндік беріп отыр», - деді ерікті Әсем Ғазиз.

Оқи отырыңыз: Күдіктілер арасында депутат та бар: екі облыстан 2 млрд теңге жымқырылған

Новости партнеров