Алматыда қазақ тіліндегі MBA бағдарламасы таныстырылды

26.09.2025 22:00

Бағдарлама мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби маман даярлауға бағытталған

Бүгін Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде қазақ тілінде білім беретін MBA бағдарламасы таныстырылды. Іс-шараға экономистер, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бағдарлама мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби маман даярлауға бағытталған. Сондай-ақ жоба кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруды көздейді. Жиын барысында кәсіби менеджерлер тапшылығы, мемлекеттік тілдің бизнестегі орны, халықаралық тәжірибені ұлттық ортаға бейімдеу жолдары сияқты өзекті мәселелер көтерілді.  

«МВА бағдарламасының негізгі мақсаты – заманауи топ менеджерлерін дайындау және белгілі бір деңгейге жетіп оны одан әрі дамыталмай отырған, білім жетпей отырған кәсіп иелерін арнайы білім беруді ұйымдастыру. Міне, осы арқылы біз іскерлік ортаны жандандырамыз. Іскерлік белсенділік болса, сөзсіз ол экономикалық өсімге де тікелей әсер етеді және ол еліміздің экономикалық тұрғыда жылдам дамуына өзіндік жол салады деп айтуға болады», - деді Қазақ MBA негізін қалаушы Мақсат Халық.

«Швейцарияның МВА бағдарламасы бізге өте ұнады. Бұл бағдарлама тез арада сапалы диплом алуға, мысалы, Қазақстан мен Еуропаны біріктіріп, қос диплом иеленуге мүмкіндік береді екен. Біздің университетімізде осындай мүмкіндіктің болуы қуантады. Бағдарламаға түсу үшін ең бастысы – кәсіптегі кемінде 3 жылдық тәжірибе және мықты ниет қажет», - деді Еуразия технологиялық университетінің ректоры Айжан Темірбаева.

Оқи отырыңыз: Сахна жұлдызы, сәнбике, тарихтағы тағдыр: «Алматинские истории» жобасы 190-шығарылымын ұсынады