Алматыда өткен айда жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

16.11.2024 14:17

Супатаева Әйгерім 26 қазанда жоғалып кеткен

polisia.kz

Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Lider.kz ұйымының волонтерлері Instagram парақшасында жариялады

"1994 жылы туған Супатаева Әйгерім 26 қазанда жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Әйгерім сол күйі үйіне оралмаған", - делінген хабарламада.

Бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, шашы қара түсті ұзын, көзі қоңыр. Ол сұр пальто, қара шалбар, қызыл жолақтары бар көк кроссовка киген.

Оқи отырыңыз: Петропавлда бүтін бір отбасын өлтіріп кеткендерге қатысты іс қайта қаралады