Алматыда кенеттен жүрек тоқтау қаупі жоғары науқасқа ерекше ота жасалды

09.07.2026 18:19

Пациентке кардиовертер-дефибриллятор алғашқылардың бірі болып орнатылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында кенеттен жүрек тоқтауы қаупі жоғары пациентке алғашқылардың бірі болып тері астына орналастырылатын кардиовертер-дефибриллятор (S-ICD) имплантацияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ота Италияның IRCCS Candiolo онкология орталығының торакалдық хирургия бөлімінің директоры, доктор Андреа Дрогеттидің қатысуымен өткен шеберлік сабағы аясында жасалды.

Мамандардың айтуынша, тері астына орнатылатын кардиовертер-дефибриллятор өмірге қауіп төндіретін жүрек ырғағының бұзылыстары кезінде кенеттен жүрек тоқтауының алдын алып, пациенттің өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл құрылғы әсіресе қан тамырларының анатомиялық ерекшеліктері бар, қант диабеті немесе созылмалы бүйрек ауруы бар, сондай-ақ құрылғыны қайта орнатуды қажет ететін науқастар үшін тиімді.

Дәрігерлердің пікірінше, мұндай технологияны клиникалық тәжірибеге енгізу операциядан кейінгі асқынуларды азайтып, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 14 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды