Алматыда көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

02.05.2025 08:55

Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Clark Van Der Beken/unsplash.com/

Алматыда көлік аударылып, 1 адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 1 мамырда сағат 20:58-де Mercedes көлігін басқарған жүргізуші Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылып, кейін аударылып қалған.

"Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жолаушысы - 1998 жылғы ер азамат көз жұмды. Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлайды Полиция департаментінен.

Оқи отырыңыз: Павлодарда 70 млн теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды