Алматыда күзетшіні қатыгездікпен өлтірген азаматқа қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды

Алматы қалалық соты шағымды қанағаттандырмай, алғашқы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде күзетшіні қатыгездікпен өлтірген азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұған дейін Нұрбол Қайыпбаевты көлігімен қағып, артынан өлімші етіп сабаған сотталушыға 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда марқұмның жары үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Ол қасақана азаптап адам өлтіргені үшін айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап еткен. Сонымен қатар моральдық шығынды толық өтеуді сұраған. Дегенмен Алматы қалалық соты шағымды қанағаттандырмай, алғашқы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

«Бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспедік. Өйткені 22 жыл бас бостандығынан айыру – өте жеңіл жаза. 99-бапта «өмір бақи бас бостандығынан айыру» деген жаза беріледі, соған сүйене отырып берген болатынбыз. Қалалық соты үш күнге созылып, нүктесін қойды. Өкінішке қарай, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады», – деді Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Арман Шәріпов.

Оқи отырыңыз: Әйелімнің суретіне лайк басқан: айыпталушы Руслан Берденовке не үшін оқ атқанын айтты

Новости партнеров