Алматыда квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселесі талқыланды

Жиында пара алған мен пара берген тұлғалардың жауапкершілігі тең екені атап өтілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне арналған маңызды жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Басқосуға мемлекеттік органдардың өкілдері мен комплаенс-офицерлер қатысты. Кездесу барысында қатысушылар адалдық қағидаттарын күшейту, қызмет ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жолдарын жан-жақты талқылады. Сондай-ақ жиында пара алған мен пара берген тұлғалардың жауапкершілігі тең екені атап өтілді. Бұдан бөлек, сот шешімімен «жемқор» деп танылған азаматтың болашақта мемлекеттік мекемелерде қызмет атқара алмайтыны да назарға алынды.

«Бүгінгі іс-шарада квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлермен, комплаенс-офицерлермен кездесу өткізілді. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарының бірі – мемлекеттік апараттың ашықтығын арттыру. Процесстерді цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Еркеболат Нұржігітов.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында сүт зауытындағы жарылыстан 2 адам зардап шекті

Новости партнеров