Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Алматы қаласында жедел жәрдем қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсеткен тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға кеше, дәрігерлер бригадасы шақырту бойынша науқасқа көмек көрсетуге барған кезде орын алған. Белгілі болғандай, ақ халаттылар 40 жастағы ер адамның анасына медициналық жәрдем бермек болған, алайда оларды мас күйіндегі азамат агрессиямен қарсы алып, пышақпен қорқытқан. Қызметкерлер өз қауіпсіздігі үшін көліктен шықпай, құқық қорғау органдарын шақыруға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты заңнамадағы жаңа, қатаңдатылған бап бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Оның ата-анасына көмек көрсету мақсатында медициналық қызметкерлер келген болатын. Бірақ ол алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін, агрессия танытып, қоқан-лоқы көрсеткен. Аталмыш дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 380-бабының нормалары бойынша қылмыстық іс тіркелді», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда