Алматыда мемлекеттік қызмет сапасына бақылау күшейтілді

22.04.2026 21:58

Алматыда мемлекеттік қызмет сапасына бақылау күшейтілді. Былтыр ондаған азаматтың құқығы қорғалып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Мамандардың айтуынша, ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар - қызмет көрсету мерзімдерінің кешіктірілуі мен артық құжат талап ету деректері. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру мен мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Сонымен қатар ведомство мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырумен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын да күшейткен. Азаматтардың құқығын қорғау қалай жүзеге асырылады? Аталмыш департаменттің қызметі қандай?

Осы және өзге де сауалдарға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Нұрлан Тілешәлиев тікелей эфирде жауап береді.