Алматыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Іс-шара нәтижесінде жүздеген азамат сұрағына жауап алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шарада халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй мәселелері және басқа да 20-дан астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес ұсынылды. Басты мақсат — тұрғындарға мемлекеттік қызметті қолжетімді әрі ашық түрде ұсыну, халықты қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың мәселелерін жедел шешуге ықпал ету. Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындарға мемлекеттік қызметті тез әрі тиімді алу мүмкіндігін арттыратынын айтты.  Сондай-ақ тұрғындардың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға зор үлес қоспақ. Іс-шара нәтижесінде жүздеген азамат сұрағына жауап алып, қажетті мемлекеттік қызметке қол жеткізді.

"Тұрғындарға өте қолайлы жағдай жасалған. Олардың мемлекеттік қызметке қатысты түсініксіз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік бар", – деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Әміров.

"Үйімді жекешелендіру үшін не істеуге болатынын сұрап, жауабымды таптым.  Мен сияқты талай есік тоздырып жүрген жандарға ыңғайлы жәрмеңке болды", – деді   қала тұрғыны Гүлсімхан Жақаева.

Оқи отырыңыз: Алматының Боралдай шағынауданында алғаш рет су құбыры және кәріз желілері пайда болады

Новости партнеров