Алматыда Міржақып Дулатұлының «Библиографиялық көрсеткіші» жарық көрді

Ұлттық библиографияның бүгіні мен болашағына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ұлттық библиографияның бүгіні мен болашағына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосу Ұлттық кітапхананың 115 жылдық мерейтойы мен Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналды.

Жиында көрнекті ағартушының ұлттық библиографияға қосқан теңдессіз еңбектері мен сирек басылымдары жұртшылық назарына ұсынылды. Сонымен қатар дерекқорларды заманауи сандық жүйеге көшіру, библиографиялық көрсеткіштерді жаңғырту және халықаралық ғылыми қауымдастықпен кәсіби байланысты тереңдету мәселелері талқыланды.

«Бұл конференцияның басты ерекшелігі – 3 кітаптың тұсауын кесіп жатырмыз. Ол «Ұлттық библиография және кітапхана ісі», Міржақып Дулатұлының шығарған «Библиографиялық көрсеткіші», ардагер библиограф Алтынкүл апайымыздың «Қазақстан Ұлттық кітапханасындағы картотекалары» жарық көрді», – деді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Қанат Алтынбек.

«Бүгінгі ұлттық библиография саласында еңбек етіп жүрген студенттерге, ғалымдарға, кітапханашы-библиографтарға Міржақып Дулатұлының ақын, қайраткер, жазушы ғана емес, библиограф-кітапханашы екендігін насихаттағымыз келеді. Бұл еңбек Міржақып Дулатұлының көптомдықтарында, жекелеген алаштанушы ғалымдардың еңбектерінде кездескенімен, жеке кітап болып факсимилемен шықпаған. Біздің кітаптың басты жаңалығы да – осы», – деді ҚР Ұлттық кітапханасы «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» бөлімінің маманы Ертай Біләл.

Оқи отырыңыз: 

 

Новости партнеров