Алматыда мобильді топтардың жұмысын күшейту бағытында семинар басталды

23.06.2025 15:31

Аталған жоба үш күнге жалғасады

Әлеуметтік әлсіз отбасыларға нақты көмек. Алматыда мобильді топтардың жұмысын күшейтуге бағытталған жаңа оқыту семинары өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара аясында қиын жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтап, нақты көмек көрсету жүйесін жолға қою көзделіпті. Мұнда жаңа цифрлық платформалар арқылы білім, ішкі істер және денсаулық сақтау салаларындағы мамандарға кешенді оқыту жүргізілмек. Аталған жоба үш күнге жалғасады.

«Осы процесске тартылған барлық мемлекеттік органның жұмысын жедел әрі үйлесімді жүргізу үшін арнайы мобильді қосымша жасадық. Бүгін осының бәрін тәжірибеде байқап көру үшін жобалық кеңсе өкілдері Алматыға келді. Алдағы үш күнде олар аталған іске қатысы бар барлық сала маманына арнайы оқыту семинарын өткізеді», – деді «Отбасын қолдау орталығы» КММ басшысы Сана Жандай.

Оқи отырыңыз: Алматы өнеркәсібі 5 айда триллион теңгеге жуықтады