Алматыда мүгедектігі бар азаматтарға қандай қолдау көрсетілуде

29.05.2025 21:59

Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды барынша қолдауға ерекше ден қойылып отыр. Бүгінде шаһарда мұндай жандардың саны 60 мыңға жетеді. Жүйке жүйесі аурулары бар және тірек қимыл аппараты бұзылған олар – медициналық-психологиялық көмектен бөлек, оңалту шараларына зәру. Осындай ерекше жандарды қоғамға бейімдеп, қамқорлық жасайтын мекемелерде оңалғандар көп пе? Онда қалай тіркелуге болады? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығының директоры Нұрғайым Дүйсенбаева жауап береді.