Алматыда өрт сөндірушілер әкімшілік ғимарат шатырындағы өртті сөндірді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Оқиға орнына 55-ге жуық адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының өрт сөндірушілері Медеу ауданындағы Самал шағынауданында орналасқан 4 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде, алдын ала мәлімет бойынша, пайдаланылмайтын ғимараттың шатырында түтіндеу байқалған.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

«Сөндіруге суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді. Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимаратты адамдардың бар-жоғын анықтау үшін тексеріп шықты — зардап шеккендер анықталған жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт сөндіру автосатысы арқылы лафеттік оқпандар берілді.

Оқиға орнына 55-ге жуық адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт 290 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Оқи отырыңыз: Атыраудан Оралға ұшатын рейс тоқтатылды

Новости партнеров