Алматыда отандық және шетелдік ғалымдар Жамбыл мұрасын талқылады

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақ поэзиясының заңғар шыңы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рухани мазмұны терең басқосуға отандық және шетелдік әдебиеттанушылар, фольклортанушылар мен ғалымдар қатысып, ақын мұрасының көркемдік әлемі мен әдебиеттегі орны туралы пікір алмасты. Сонымен қатар жиында айтыс өнері, суырыпсалма дәстүрі мен жыраулық мектептің ерекшеліктері кеңінен талқыланып, түркі халықтарының эпикалық мұрасындағы сабақтастық мәселелері көтерілді.

«Жамбылдың үш томдық академиялық толық жинағын 5 жыл бұрын дайындадық. Оны 1000 данамен тараттық. Жинақ жұрттың қолына тисе екен деген тілек бар. Жамбыл жөнінде көп айтуға болады, түсіндіруді көп қажет етпейтін ақын. Кеңестік дәуірде Жамбылдан артық дәуірлеген халық ақыны болған жоқ», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект және дипфейк: алаяқтардан қалай қорғану керек

Новости партнеров