Алматыда полиция сауда орындарына рейд жүргізді

polisia.kz
polisia.kz

Полиция сауда нысандарының өкілдерін заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда полиция қызметкерлері энергетикалық сусындардың кәмелетке толмағандарға сатылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-1-бабы талаптары аясында өткізіліп жатыр.

Аталған бапта энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сату үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Рейд барысында полиция қызметкерлері сауда орындарын аралап, белгіленген талаптардың сақталуын тексереді.

Сондай-ақ сатушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіреді. Кәмелетке толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға жол бермеуге ерекше назар аударылуда.

– Біздің мақсатымыз – заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу. Рейд барысында полиция қызметкерлері сатушыларға заң талаптарын түсіндіріп, энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сатуға жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі, – деді Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Полиция сауда нысандарының өкілдерін заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сату заңда белгіленген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай заңбұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзыла бастады