Алматыда Роллан Сейсенбаевпен кездесу өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевпен кездесу өтті,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әдеби-танымдық кештің мақсаты – жастар арасында ұлттық руханиятты насихаттау және қаламгердің өмірлік тәжірибесімен бөлісу.

Айта кетейік, салтанатты кеште Роллан Сейсенбаевқа әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессоры» атағы берілді.

Жиын барысында студенттер мен оқытушылар қаламгермен пікір алмасып, әдебиет пен қоғам төңірегінде ой өрбітті. Мұндай мазмұнды жүздесулер өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, олардың бойында ұлттық руханият пен отаншылдық сезімді оятады.

«Спортшы жастармен кездесу дұрыс, керек. Өйткені рухани білім, қазақ халқына деген құрмет сияқты қасиеттерді көтереді. Сондықтан да мен қуана келдім», – деді жазушы, драматург Роллан Сейсенбаев.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік боксшы қыз үш дүркін әлем чемпионын жеңді