Алматыда сайлау күні қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді

23.08.2026 12:22

Қоғамдық және жол қауіпсіздік үшін 2,5 мыңнан астам полицей жұмылдырылды

Алматы қаласының тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін, сайлау күні қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге екі жарым мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Негізгі мақсат - заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау. 

Оқи отырыңыз: Мәслихат депутаттары дауыс беруге белсенді қатысып жатыр

Толық көрсету