Ғылыми жиынға республиканың жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институтының белгілі ғалымдары, баспалардың, дизайнерлік, мәдени орталықтардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты
Биыл филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Елеукенов туғанына 95 жыл толды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орай «Ұлттық кітаптану мәселелері: тарихы және бүгінгі жағдайы» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ел есінде болса, адам мәңгі өмір сүреді...» демекші ғылыми жиынға жиналған қауым Шериаздан Рүстемұлының өмірі мен қызметін еске алды.
«Қазаққа белгілі, қоғам және мемлекет қайраткері Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов тірі болса, биыл 95 жасқа толар еді. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде ғылыми конференция басталды. Шериаздан Рүстемұлы – үкіметке, партияға да сонымен қатар ұстаздықта да таза, беделді болған кісі», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғылым докторы, профессор Намазалы Омашұлы.
Шериаздан Елеукенов педагогика саласында да көп жыл тер төгіп ұстаздық етті. Журналистика, кітаптану курстарынан, әдебиет тарихынан сабақ оқыды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңадан баспа және редакциялау кафедрасын ашуға мұрындық болды.