Алматыда соңғы қоңырауға арналған флешмоб өтті

22.05.2026 20:32

Алматылық оқушылар Алмалы ауданының тоқсан жылдығына ерекше тарту жасады. Тоқсан түлек соңғы қоңырау қарсаңында қаланың қақ ортасында мың бұрала вальс биледі. Флешмоб Астана алаңда өтті. Соңғы қоңырау қарсаңындағы бұл іс-шараға түлектерді тәжірибелі хореограф Михриниса Ибрагимова дайындаған. Ұстаз «Алмалы ауданының мерейтойы мен шәкіртерінің мектеппен қоштасуын біріктіріп, қала тұрғындары мен қонақтарына тосын сый жасау көптен бергі арманым еді» дейді. Ал Алматының жүрегі саналатын Алмалы ауданының тоқсан жылдығы жыл бойы аталып өтпек.

«Биыл – ерекше қуанышты жыл. Ауданымыз тоқсан жылдығын тойлап жатыр. Алмалы ауданының бірнеше мектебінің түлектерінің басын қосып, вальсты дайындадым. Екі ай балалармен жұмыс істедім және бүгін сол еңбектің жемісін көріп отырсыздар», – деді хореограф Михриниса Ибрагимова

 «Тоқсан жылдықтың аясында жыл бойғы біраз шара бар. Мәдени әрі спорттық шаралар өткізіледі, жоспар бойынша бастап кеттік. Наурыз айында футзалдан жарыс ұйымдастырдық, бүгін түлектер арасында қоштасу вальсын ұсынып отырмыз», – деді Алмалы ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас инспекторы ¤Асылан Тұрлығазы.

Оқи отырыңыз: Ысырап емес пе: мектеп бітірушілердің образы мен кеш шығындары қанша тұрады