Көпсайыста Алматы қаласының өкілі Ильяс Азизов 80,599 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды
Алматыда ерлер арасында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей көпсайыста және жекелей жаттығу түрлерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Көпсайыста Алматы қаласының өкілі Ильяс Азизов 80,599 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Нуртан Идрисов (Павлодар облысы) 80,598 ұпаймен екінші орын алды. Павлодар облысының тағы бір спортшысы Роман Хегай 79,066 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Төменде жекелей жаттығу түрлерінде жүлдегерлердің тізімі көрсетілген.
Еркін жаттығу
Ат снаряды
Сақиналар
Қол тіреп секіру
Қоссырық
Кермедегі жаттығу
Оқи отырыңыз: Қазақстанның капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленді