Тексеруге халықаралық құқық иеленушінің өз бренді заңсыз пайдаланылғаны туралы өтініші негіз болған
Алматыда тауар белгісін заңсыз пайдаланып келген кәсіпкерлерге қатысты тексеру жүргізілді. Әділет департаменті мен Киберполицияның бірлескен жұмысы нәтижесінде айналымдағы 500-ден астам өнім тәркіленді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Олардың жалпы құны 1 миллион 300 мың теңгеден асады. Тексеруге халықаралық құқық иеленушінің өз бренді заңсыз пайдаланылғаны туралы өтініші негіз болған.
«Департамент тарапынан кезектен тыс тексеріс жүргізілген болатын. Тексеріс барысында контрафактілік өнімдер тәркіленді. Контрафактілік өнімнің жалпы 500-ден астам дананы құрайды. Жалпы сумасы 1 300 000тг алып отыр. Құқық бұзушы тарапынан тауар белгісі заңсыз пайдалану фактісі анықталды», – деді Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев .
Сот шешіміне сәйкес, контрафактілік өнімдер жойылды. Осыған сәйкес, тауарлар заңнамада белгіленген тәртіппен қалдықтарды қайта өңдейтін мамандандырылған кәсіпорында кәдеге жаратылды. Жою рәсімі мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен тиісті талаптарға сай өткізілді. Ал құқық бұзған кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салынды.
«Тауардың бәрі жасанды, брендті қолданған, пластмассада жасалған және химиялық иіс шығады. Ол адамның денсаулығына өте зиян», – деді кәсіпкер мұрат Тәжеев.
Оқи отырыңыз: Атырауда балалар ойын алаңы қашан салынады