Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ
Алматы тауларында құтқарушылар Башут шыңында адасып кеткен туристерді эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Төрт адам бағдарын жоғалтып, соқпаққа өз бетінше шыға алмаған. Барлық қатысушылардың қара киім кигендігі жағдайды қиындатып жіберді, сондықтан оларды қараңғы кезде байқау қиын болды", — делінген ақпаратта.
Көмекке ТЖМ Құтқару қызметінің кезекші тобы шықты. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына жеткен құтқарушылар жол бойымен «Шымбұлақ» өзеніне қарай бет алып туристерді тапты.
Құтқарушылар топты төмен шығарып салып, «Шымбұлақ» тұрағына жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Оқи отырыңыз: Шымкентте бір жасар бала 4 сантиметрлік шеге жұтып қойған