Алматыда «Таза бейсенбі»: партия мүшелері қала экологиясына үлес қосты

04.09.2025 16:46

Акцияға қатысқан еріктілер мен партия мүшелері өздерінің азаматтық белсенділігін көрсетіп, қоғамдағы жауапкершілік пен бірлік құндылықтарын насихаттады

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Алматы қаласында «AMANAT» партиясы Орталық аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау мақсатында өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сананы арттыру және тұрғындарды табиғатты қорғауға үндеу болды.

Акция барысында аудан тұрғындары, еріктілер, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бақытбек Жұмабаев аулалар мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын атқарып, тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында еріктілер балаларға арналған коррекциялық орталықтың айналасын тазалап, ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Акцияға қатысқан еріктілер мен партия мүшелері өздерінің азаматтық белсенділігін көрсетіп, қоғамдағы жауапкершілік пен бірлік құндылықтарын насихаттады. Бұл бастама жастар үшін үлгі боларлық іс болды.

Алмалы және Әуезов аудандарының тұрғындары мен түрлі ұйымдарының мұндай бастамаларға белсенді түрде қатысуы – экологиялық мәдениетті дамытудың және қоршаған ортаны сақтау жолындағы маңызды қадам. Алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз: Алдап әкетіп, зорлық көрсеткен: 16 жастағы қызды қорлаған 2 әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды